Осылайша, ол өзінің кәсіби мансабындағы 28-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Майамидегі (АҚШ, Флорида) кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен эквадорлық Джейсон Минданың (14-3-1, 8 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлады paryz.kz, Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кезекті соққысымен "Жазалаушыны" нокаутқа жіберді.
Негізінен 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы тиіс еді. Алайда, кездесуге санаулы күн қалғанда оған қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды.
Он раундқа жоспарланған орта салмақтағы жекпе-жекте Қанат Ислам жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, ол өзінің кәсіби мансабындағы 28-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал Джейсон Минда төртінші рет жеңіліске ұшырап отыр.