Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Абай облысында 30 жастағы әйел өлі табылды: Туған анасы қамауға алынды

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыз өлі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Абай облысында 30 жастағы әйел өлі табылды: Туған анасы қамауға алынды
Фото: видеодан скриншот

30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды.  Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып, анасы полицияға арыз түсіріпті.

Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "Қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан. Алайда полицейлер бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, жоғалған әйелді таппады.

Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мәйітін жасырды деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды, - деді Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.