Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Қысылып қалған»: Оралдағы әк зауытында жұмысшы қаза тапты

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан мәлім еткеніндей, аталған зауытта 27 мамырға қараған түні шамамен сағат 02.45-те бос вагондарды тасымалдаушы, 1973 жылғы ер адам жазатайым оқиғаға тап болған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Қысылып қалған»: Оралдағы әк зауытында жұмысшы қаза тапты
Фото: freepik

"Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыртылып, көлік шамамен 20 минуттан кейін келіп, зардап шегушіні алып кеткен. ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес 28 мамыр күні жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторымен бірге оқиға орнына барылып, фото-видео фиксация жасалды. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды", - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі бойынша Зачаган полиция бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.