Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт қайтыс болды

Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде 23 жасар құтқарушы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт қайтыс болды
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

ТЖМ мәліметінше, 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», - делінген ТЖМ хабарламасында.