Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен күреске 2 млрд теңге бөлген

Министрлік өкілі Алмабек Марс биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін деп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен күреске 2 млрд теңге бөлген
фото: news.liga.net

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері шекараға жақын аумақтарында зиянкес шегірткеге қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады paryz.kz.

Екі елдің министрліктері мамандарының жыл сайынғы кеңесі биыл видеоконференция режимінде өтті. Олар ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөнінде жоспарланған шаралар туралы ақпарат алмасты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы Қазақстанда шегірткелерді улау жұмыстары 515 мың гектарға жүргізілгенін, ал биыл зиянкестер 640 мың гектар жерге таралуы мүмкін екенін хабарлады. Оларға қарсы күреске республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы барлық болжанып отырған аумақтар үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін сатып алуға жеткілікті көрінеді.