ҚР Ішкі істер министрлігі WhatsApp желісінде тараған алаяқтықтың жаңа схемасына пікір білдірді.
Бұған дейін тараған ақпаратта бір топ адамның ұрлық жасау мақсатында үй-үйді аралап, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып жүргені айтылған.
Жауапты ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтады.
— Тараған хабарламада көрсетілген алаяқтық фактілері республика аумағында тіркелген жоқ. ІІМ азаматтардың жеке куәлігін тексеру, суретке түсіру және саусақ ізін алу мақсатында үй араламайды. ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеміз. Азаматтарды сақ болуға және бөгде адамдарға жеке деректерді бермеуге шақырамыз, — дейді ІІМ баспасөз қызметі.