Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

БҚО-да әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, деп хабарлады paryz.kz.  

БҚО-да әкімдік есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Фото: paryz.kz

Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік есепшісінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық ақшаны аударғаны белгілі болды. Аталған жәйт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.

Тергеу кезінде есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

2024 жылы 17 сәуірдегі сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі («Сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру») бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни 14 жасқа толғанға дейін шегерілді