Ауруханаға пышақ жарақатымен түскен оқушы қыз операциядан кейін есін жиды.
26 мамырда жәбірленушінің іш қуысына операция жасалды. Сол кезде жағдайы ауыр болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайына қатысты соңғы ақпаратты ұсынды.
Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімшеге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін жиды, - дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 жастағы оқушысына қастандық жасалды.
Полиция кәмелет жасқа толмаған күдіктіні ұстады. Зәбір көрсеткен жасөспірім Назарбаев зияткерлік мектебінде оқымайды.