Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар маусым айында қосымша демалыс алады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды
Фото: Муфтият

Заң бойынша Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Маусым айында ол 17-не (дүйсенбіге) келеді. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан – 15-17 маусым аралығында демалыс алады.

Құрбан айт – Меккеге қажылық сапарының аяқталуын білдіретін мұсылман мерекесі.