Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Әскерден келгендердің несиесін төлеу мерзімі 2 айға ұзартылды

Әскерден келген сарбаздарға несиесін төлеу мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге ұзарды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Әскерден келгендердің несиесін төлеу мерзімі 2 айға ұзартылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың сөзінше, бұл өзгеріске қаржы ұйымдары қарсы болып отырған жоқ. Бұл әскери қызметкерлердің тұтынушылық құқығын қорғауға бағытталған шара.

Еске салсақ, қазір әскерге барғандар бір жыл бойы несиесін төлеуден босатылған, енді жаңа заң бойынша әскерден оралғаннан кейін оларға жұмысқа орналасу үшін тағы екі ай беріледі.

Екі ай өткен соң, несиелерін төлей бастайды.