Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

БҚО-ның 73 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

БҚО-ның 73 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Фото: pixabay.com

Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Қарт адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Істің материалдарынан зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырып, содан кейін қолымен қылқындырған. Қарияның әйелімен отасқанына 48 жыл болған екен.

Сот отырысында сотталушы қылмысын мойындап, өзінің іс-әрекетініне өкінетінін айтты , - деп атап өтті сотта.

Сондай-ақ, сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.