Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жамбыл облысында жетім балалар баспана алу мүмкіндігінен айырылған

Меркі ауданының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқығының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жамбыл облысында жетім балалар баспана алу мүмкіндігінен айырылған
Фото: gov.kz

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол берген.

2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген. Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылып, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді.