Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Көп шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек»: министр табысының жартысын тамаққа жұмсайтын халық жайлы

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте халықтың азық-түлікке жарататын қаражатына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Көп шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек»: министр табысының жартысын тамаққа жұмсайтын халық жайлы
Фото: primeminister.kz

«Азық-түлік бойынша біз барлық бағытта импортқа тәуелдіміз. Елдермен тауар айналымын арттыруды көздеп отырмыз, ол бойынша өте үлкен көрсеткіштер тұр. Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтынына келсек, бұл жерде көп шығыннан емес, аз табыс табудан қорқу керек. Халық қолданатын азық-түлікке келсек, оның бағалары әртүрлі. Біз өзімізді қамтып отырған салалар, яғни бәсекеге қабілетті салаларда баға да сәйкесінше болады», - деді Шаққалиев.

Министр атағандай, халық тұтынатын тауардың 54 түрі бар.

«Тұрғын толық өзінің қажеттілігін өтей алатындай түрлі азық-түлік есебі мен түрлері бар. Сондықтан өндірісті өсіріп, халықтың табысын арттыру керек. Біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Шаққалиев.