Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшемді дүниеге әкелді.

Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді
Фото: instagram.com/gorzdravshymkent/

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәбилердің үшеуі де ұлдар. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет және Дінмұхаммед есімдері берілді. 

Қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанды. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм.

Дәрігерлер сәбилерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасаған. Содан кейін палатаға шығарған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшем мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.