Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бір балаға аударған қаржы сомасын атады

2023 жылы Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімділігі бойынша оң өзгерістер байқалды. Бұл туралы Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін баяндаған қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бір балаға аударған қаржы сомасын атады
Фото: Kazinform

«Ұлттық қордың активтері оның алдындағы жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 65,7 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Д. Темірбеков.

Министрлік мәліметінше, кейінгі 3 жылда Ұлттық қор активтері өсуінің оң динамикасы байқалды:

1. 2021 жыл - 59,4 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 55,3 млрд АҚШ доллары)

2. 2022 жыл - 57,9 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 55,7 млрд АҚШ доллары)

3) 2023 жыл 65,7 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 60,0 млрд, АҚШ доллары).

Кепілдендірілген трансферт 2022 жылғы 4 трлн теңгеден 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге (екі есеге жуық) дейін төмендеді. 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды.

Сонымен қатар, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1 балаға есептелген сома 100,52 АҚШ долларын құрады.