Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жұрт наразылығы арқасында Бестамақтағы шошқа фермасы жабылып тынды

Барлық заңбұзушылықтан келген жалпы залал 7 миллиард теңге болды.

Жұрт наразылығы арқасында Бестамақтағы шошқа фермасы жабылып тынды
фото: коллаж

Экономикалық сот Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметін қалдық су ағызғаны үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұдан басқа, биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлады paryz.kz.

Жоспардан тыс тексеру барысында шошқа фермасындағы барлық өндірістік және биологиялық қалдық, тұрмыстық және құрылыс қалдықтары ауылдың жанындағы орға көмілгені белгілі болды. Ол жердің аумағы - 6 гектарға жуық. Тексерушілер 200 тоннаға жуық қалдықты қазып шығарды.

Сонымен қатар, кәсіпорынның 2 жыл бойы қоршаған ортаға эмиссия болмай, рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды. Фермада жобада айтылған 40 мыңның орнына 50 мыңнан астам шошқа болған. Барлық заңбұзушылықтан келген жалпы залал 7 миллиард теңге болды.

"Жинақтауыш тоғандарға және жергілікті территорияға өндірістік қалдық суды ағызу бөлігінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ заңбұзушылық жойылғанға дейін биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды. Жауапқа тартылған мекеме қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мүмкіндігінен айырылды", - деді судья Жанар Жұбатова.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанға Ресейдің 4 өңірінен тағы да шошқа еті жеткізіледі

Еске сала кетсек, былтыр 19 қарашада Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, қайта-қайта наразылыққа шыққан болатын.