Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Енді сахнада балағат сөз айтып, «концерт қойған» әртістерге айыппұл салынады

Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтар тарапынан түскен шағымдарды ескеріп, заңға түзету енгізбек, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Енді сахнада балағат сөз айтып, «концерт қойған» әртістерге айыппұл салынады
Фото: freepic

Қаулы жобасына сәйкес, Мәдениет министрлігі "мәдени іс-шара барысында көрермендермен қарым-қатынас жасау кезінде өнер қайраткерлерінің жөнсіз мінез-құлық танытуына, көрермендерге балағат сөз сөйлеп, әдепсіз қылық көрсетуіне, алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуына, сондай-ақ психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын қабылдауына" қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды.

Осылайша, департамент жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр.

Бір жыл ішінде осындай бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.