ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мұғалімдердің еңбек демалысының төлемі қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Baq сайтына сілтеме жасап.
Мұғалімдердің еңбек демалысының ақысы қанша күнге және қалай төленеді? – деп редакциямыз министрлік өкілдеріне сұрақ жолдады.
Бұған дейін Наталья Жұмаділдаева мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын айтты. Сондай-ақ экологиялық апатқа жататын өңірдегі мұғалімдер 65 және 66 күн демала алады.
Мұғалімдердің еңбек ақысы Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Осы ретте еңбек ақысы мен еңбек демалысының төлемі мұғалімнің жүктемесіне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты болады. Осы жиынтық бойынша оның жалақысы мен демалыс ақысы есептелінеді, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.
Оның сөзінше, бұл сұрақтар тарифке байланысты жеке-дара есептеледі.