Түркістан облысы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеп, алаяқтық жасады деп айыпталған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды, деп хабарлады Paryz.kz.
Бұл туралы белсенді Құрал Сейітханұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Сұмдық сот. Балағат сөздер айтатын Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды. Аз әрине. Бірақ соттың үкімінен кейін анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып, Жүсіп Ақшора көкем айтқандай осылай жанжал, төбелеспен аяқталды. Олардың ойынша, боғауыз вампирді мен соттатқан сияқтымын. Кейін сыртқа шыққан соң тағы да қырғын болды. Соттың терезесін қиратып неше түрлі өнер көрсетті.
Боғауыздың анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып аңдып жүр. Менікі кінәлім емес қой бұл жерде. Мені өлтіріп кетеміз дейді. Не масқара мынау? Болмыс табиғатым осындай күрескер болып жаратылған соң осындай жалмауыздармен алысуға мәжбүрмін енді», - дейді Құрал Сейітханұлы есімді желі қолданушысы.
Еске сала кетейік, ол көлік жүргізушісін және оқушыларды балағаттан видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның қатаң сынына ұшыраған еді.