2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні — 382 279 теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім: Атаулы мәнде — 12,3% Нақты мәнде — 2,7% Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша — 251 997 теңгені құрады.
Ал, өңірлерде 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында — 18,2%-ға, Алматы қаласында — 16,4%-ға, Ақтөбе облысында — 16,1%-ға, Павлодар облысында — 15,9% байқалған.
«Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі», —деп ескертеді Ұлттық статистика бюросы.