Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісін қайта қарады

2023 жылдың ақпан айында Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат заңгерлер Анна Дмитриевич пен оның жолдасы Олег Черновты соққыға жыққан болатын.

Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісін қайта қарады
фото: tengrinews.kz

Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шықты.

Кейін Нұрасыл Болаттың шабуылынан зардап шеккендер сот үкіміне апелляциялық шағым түсіріп, Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айыруды сұрады.

Әскери сотта әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Айта кетейік, Нұрасыл Болат бұзақылық ниетпен қасақана екі адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған. 2023 жылдың қазан айында сот бұл іс бойынша үкім шығарып, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына 1 725 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ зардап шеккендердің пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілген.

Бүгін заңгер Анна Дмитриевич әлеуметтік желідегі парақшасында Жоғарғы соттың істі қайта қарап, Болат Нұрасыл 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алғанын жазды.

Бұл оның шетелге шығуына, клубтар мен барларға баруына және басқа да қылмыстарды жасауға болмайтынын білдіреді. Ол пробация қызметіне хабарлап, күн сайын сағат 23:00-де үйде болуы керек, - деп жазды Димитриевич.