Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Осы сотталу ұзақтығына тоқтаймыз. 24 жылдан кейін ол 68 жаста болады. Қамаудағылардың жағдайын ескерсек, тіпті оның ол кезде тірі болатыны да белгісіз. Біз бар күшімізді салып, діттеген ойымызға жеттік», - деді Нүкенованың ағасы.