Бүгін сот шешімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжанов сот залында өзінің наразылығын танытты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Судья Айжан Құлбаева үкімді оқығаннан кейін тараптардан үкімге қатысты айтарлары бар ма екенін сұрады. 24 жылға сотталып отырған Қуандық Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтса, Бақытжан Байжанов наразылығын білдірді.
«Мені не үшін 4 жылға соттадыңыздар? Кінәсіз адамды неге соттадыңыздар?»,- деді Байжанов.
Судья Айжан Құлбаева оған сот үкімі қолына тиген соң 15 тәулік ішінде үкімді аппеляцияға бере алатынын айтып, сот отырысын жабық деп жариялады.