Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа 24 жыл жаза кесті, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айырылды.