Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Астанада мылқау жүргізушіні балағаттаған адам 15 тәулікке қамалды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзу жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мылқау такси жүргізушіні балағаттап, ар-намысына тиген жолаушыға жаза қолданды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Астанада мылқау жүргізушіні балағаттаған адам 15 тәулікке қамалды
фото: әлеуметтік желіден

«Жәбірленуші С. сурдоаудармашының көмегімен К. есімді адам телефон қуаттағыш сымды талап еткенін, содан кейін оны қорлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді. Денсаулық жағдайына байланысты оның әдепсіз қылығына жауап қатпай, тек көлікті тоқтатқан. Сот отырысы барысында К. кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді», - деді Астана сотынан.

Ол 15 күнге қамауға алынды. Оның бұдан бұрын да бірнеше қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, кеше әлеуметтік желіде такси жүргізушісін балағаттаған ер адамның видеосы тараған болатын.