Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Бишімбаевтың тағдырын шешетін сұрақтар: алқабилер кеңесіп жатыр

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын 13 сұрақты оқып берді. Жауап негізінде үкім шығарылмақ.

Бишімбаевтың тағдырын шешетін сұрақтар: алқабилер кеңесіп жатыр
Фото: видеодан скриншот

Сұрақтар жария етілгеннен кейін 10 алқаби үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Судья үкімнің жариялану уақыты кейінірек белгілі болатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтқан болатын. Алғашқысы бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізді.

Байжанов болса, Салтанаттың өлімін жасыру былай тұрсын, өлім аузында жатқанын білмегенін алға тартқан болатын.

Естеріңізге салсақ, айыпталушы Бишімбаев бұған дейін де Салтанаттың өлімінде өз кінәм бар екенін мойындап, ұрып-соққанын жасырмаған.