Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қандай жағдайда сот отырыстары тікелей эфирден көрсетіледі сот отырысы

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қандай жағдайда сот отырыстарынан тікелей трансляция жасалатынын түсіндірді.

Қандай жағдайда сот отырыстары тікелей эфирден көрсетіледі сот отырысы
Фото: Kazinform

«Іс жүзінде бұл мәселе Әділет министрлігінің құзырына кірмейді. Бірақ, соңғы тәжірибеге сүйенсек, мұндай трансляциялар қоғам тарапынан оң бағасын алды», - деп жауап берді Талғат Уәли тілшілер сұрағына.

Бұл ретте ресми өкіл тікелей трансляция үшін тараптардың келісімі қажет екенін атап өтті. 

«Бұл жағдайда тараптардың мүдделері ескеріледі, егер тараптар трансляцияға рұқсат берсе, осы жағдайда ғана судья тікелей эфирде көрсетуге немесе бұқаралық ақпарат құралдарын кіргізуге құқылы. Бұл тәжірибе шетелде кеңінен қолданылады. Қазақстанда кейінгі уақытта Алматыдағы автобус апаты және Қ. Бишімбаев ісі интернет-ресурстар арқылы көрсетілді. Егер тараптар қарсы болмаса, бұл тәжірибе дұрыс деп санаймын», - дейді Т. Уәли.