Елорданың ауданаралық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты отырысты кейінге қалдырды. Келесі сот процессі 13 мамырда өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бүгін әйелін азаптап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмыстық әрекетін жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың сот отырысы бар болғаны 2 минутқа созылды. Судья алқабилермен ақылдасу үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, үзіліс жарияланған.