Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Науқастар наразы: инсулиннің бір түрі тегін дәрілер тізімінен алынады

Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап деглудек инсулинін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімінен алып тастауды жоспарлап отыр. Науқастар бұл шешімге назары, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Науқастар наразы: инсулиннің бір түрі тегін дәрілер тізімінен алынады
көрнекі фото: СҚ-Фармация қоймасы

«Диабеттік ата-аналар комитеті» қоғамдық қорының президенті Руслан Закиевтің сөзінше, аталған препарат елімізде 2015 жылы тіркеліп, 5 жылдан бері стационарларда қолданылып келеді.

Менің бұған дейінгі жазған болжамым дәл келді. Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден деглудек инсулинін толығымен алып тастауды жоспарлап отыр, оны енгізу үшін 6 жылға жуық жүріп қол жеткізген едім, - деп жазды ол.

2023 жылы деглудек инсулині тізімге енгізілді, ДСМ құрылымдары өңірлердегі қажеттілікті ескеріп, тендер өткізген.

Деглудек инсулинін қолданатын және оны өз есебінен сатып алуға мәжбүр болған науқастар бұған қуанды. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының өзгеруімен пациенттердің мүдделері қажетсіз болып қалды. Өйткені бұл жаңа министрдің жоғары тиімділігін көрсету міндетімен салыстырғанда ештеңе емес, - деді ол.

Сарапшы пікірінше, инсулиннің басқа түрлеріне қарағанда бұл препарат әлдеқайда тиімді саналады.

«Елімізде науқастарға инсулиннің көптеген түрі сатып алынады. Жалпы инсулин бірнеше типке бөлінеді: ұзақ уақыт әрекет ететін, қысқа мерзімде әсер ететін, ультра қысқа әрекет ететін, аралас (микс) әрекет ететін түрлері бар. Мысалы, микс бірінші типтегі диабет кезінде қолданылмайды. Екінші типтегі диабетпен ауыратын науқастар көп, олар ұзақ уақыт әрекет ететін инсулинді қолданады. Балалар көп жағдайда ұзақ және қысқа уақытта әсер ететін инсулинді қолданады. Деглудек инсулинінің артықшылығы бар. Ескеретін жайт, препарат науқасқа жақпауы мүмкін. Мысалы, бізде бірнеше сондай науқас бар, ал ұзақ уақыт әрекет ететін инсулин жеткіліксіз. Яғни, оларға тек осы препарат қана керек. Биыл препаратпен қамтамасыз еткенімен, келесі жылы науқастар бұл инсулинді өз қаржысына сатып алуға мәжбүр болады. Қант диабеті әлеуметтік мәні бар ауру түріне жатады. Ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге тиіс», - деді Закиев.

Елімізде бұл препаратты қанша науқас қабылдайтыны белгісіз. Спикер оның себебін статистика жүргізілмеуімен түсіндірді.

«Бұл препараттың алынбауы қанша науқасқа әсер ететін білмеймін. Өкінішке қарай ол статистика менде жоқ, тіпті министрліктің өзі де айта алмайды. Ол статистиканың болмауының бір себебі  - науқастардың көбі, соның ішінде бірінші типтегі диабетпен ауыратын балалардың ата-анасы айналасынан диагнозын жасырады. Науқастар жылдар бойы бұл препаратты өздері сатып алып отырды. Тек өткен жылдың соңында 2024 жылдан бастап препарат сатып алынады деген шешім қабылданды. Биылға қажетті дәрі алынды. Алайда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алу тоқтатылады», - деп толықтырды ол.

Қоғамдық ұйым Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдарға хат жазып, себебін анықтауға тырысқан.

«Президент әкімшілігінен бастап, Денсаулық сақтау министрлігіне де, басқа да инстанцияларға жіберілген барлық хатқа бізге деглудек инсулинін және басқа ауруларды емдеуге арналған ондаған басқа дәрілік заттарды сатып алу «бюджет қаражатының шектелуінен (ограничением бюджетных средств)» туындағаны туралы жауап келді. Осы жерде егер еліміздегі емделмейтін науқастардың денсаулығын қолдауға ақша жеткіліксіз болса, қандай имидждік іс-шаралар туралы айтуға болады?», - деп сұрады ұйым басшысы.

Руслан Закиев министрліктің бұл шешімі мыңдаған науқастың денсаулығына әсер ететінін ескертті.

«Министрлік диабет туралы статистикалық мәліметтерді ұсына алмайды. Елімізде аурудың бұл түрінен қандай жағдай болып жатқанын ешкім білмейді. Былтыр жыл басында елде қант диабетіне шалдыққан 500 мыңға жуық науқас болғанын білемін. Сондай-ақ 5 мыңнан астам бірінші типтегі диабетке шалдыққан бала болды. Тағы бір маңызды мәселе - қант диабеті бойынша жәрдемақы тек мүгедек мәртебесі бар азаматтарға беріледі. Өкінішке қарай қант диабетінің бірінші типіндегі науқас балалар кәмелет жасына толғаннан кейін жартысынан көбіне мүгедектік бойынша мәртебе берілмейді. Сәйскесінше, жәрдемақы төлеу де тоқтатылады. Бұдан басқа амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімін қарасақ, 18 жастан асқан соң бірінші типтегі диабетпен ауыратын науқастар инсулинді сорғымен қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ глюкогон препаратымен қамтамасыз етілуі тоқтатылады. Осылайша, ересек науқастар осал болып келеді, балалар сияқты қамтамасыз етілмеген», - деді спикер.

Ұйым жетекшісі жақын арада баспасөз мәслихатын өткізіп, қажет болса осы шешімді қабылдаған тұлғаларды жауапқа тарту үшін сотқа жүгінетінін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі былтыр елімізде қант диабетімен 439 327 мың ересек және 5 132 бала тұрағаны туралы ақпарат таратты. Сондай-ақ қант диабеті әлеуметтік мәні бар аурулардың санатына жататынын және ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық деңгейде қаржыландырылып, бұл барлық диагноз қойылған пациенттер толық көлемде тегін емделумен қамтамасыз атап өтті.