Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ертең ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 мамырда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Ертең ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстігінде жауын – шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, күндіз елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Елдің батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-дауыл, оңтүстік-шығыста-бұршақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-батыста – тұман болады. Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының батысында 3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында  Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.