Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Бишімбаев ісі: Екінші күдікті Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын

Бұрынғы министр, әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі, екінші күдікті Бақытжан Байжанов сотта сөз сөйледі.

Бишімбаев ісі: Екінші күдікті Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын
Фото: Жоғарғы сот

«Мені Бишімбаевпен бірге Салтанаттың денесін шығаруды жоспарлады деп айыптап отыр. Жәбірленуші тараптың пайымдауынша, бұған күні бойы дайындалған екенбіз. Мен мұны жасаған жоқпын. Алдымда тұтас қараңғы түн тұрса да, мейрамханада ешкім жоқ, қолайлы сәт болса да, мұндай қадамға бармадым. Өйткені ондай ой менде мүлдем болған жоқ. Салтанаттың қайтыс болғанын да білмедім», - деді Б. Байжанов бүгінгі сот отырысында.

Б. Байжанов жейде мен мүсәтір спиртін өзі алып кетті деген нұсқаға неліктен бәрі сенімді екеніне қайран қалып отыр.

«Бұл заттар ғимараттан табылмаған соң айыптаудың бір болжамы ретінде шықты. Бәлкім дұрыс іздемеген шығар? Оқиға орнын төрт рет – бір рет Бишімбаевтың көлігін, үш рет сол VIP-кабинаны тексерді. Ал мейрамханадағы басқа орындар, ас үй немесе басқа бөлмелер еш тексерілмеген. Мүмкін жейде мен мүсәтір спирті әлі ғимаратта шығар, неге мен оны алып шығуым керек? Егер расында да видеоларды өшіріп, қылмыстың ізін жасырғым келсе, бәрін өзім атқарар едім. Мен оны басқаларға тапсырдым. Шынымен дәлелдерді жоюға тырыссам, деректерді сақтайтын серверді жоя алар едім және жазбалар ешқашан қалпына келмес еді. Бірақ олай істегенім жоқ. Мен бәрін бүкпесіз айтып бердім, ештеңені жасырмадым, тек шындықты айттым. Қажет болса және мүмкін болса, шындық детекторынан да өтуге әзірмін. Қалғаны сіздердің қолыңызда, кез келген шешімді қабылдаймын», - деді Б. Байжанов.