Ақтөбе қаласында оқушы қыз жоғалып кетті. Жасөспірімді жақындары мен полицейлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Аружан Орынбасарова 2 мамыр күні үйінен шығып, содан қайта оралмаған.
«2007 жылы туған оқушы қыздың бойы 140-150 см, дене бітімі - орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қызды көрген-білгендер болса 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.