Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған – прокурор

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды. Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған – прокурор
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бишімбаев пен Байжанов айғақтарды жасырып, Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған. Олар сол үшін Салтанат алдымен фитнеске, содан кейін үйге барғандай көрсеткен. Ал ол уақытта Салтанат қайтыс болып кеткен. Салтанаттың телефонындағы қозғалысқа қарасақ, оның сол уақытта тірі екенін және Бишімбаевтың оған қатысы жоқ екенін көрсетеді. Неге Бишімбаев сағат 3-тен кейін нашатырь әкелуді сұраған? Сараптамаға сәйкес, Нүкенова ол уақытта қайтыс болған. Ал қайтыс болған адамды нашатырь оята алмайды. Оны басқа мақсатта пайдаланған. VIP-залда Нүкенованың саусақ іздері жоқ. Неге? Бишімбаевтың өзі бірге отырып ішімдік ішкендерін айтты. Нашатырь көмегімен Салтанаттың іздері мен денесіндегі қанды сүртіп тастаған, - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурордың айтуынша, қайғылы оқиға болған орыннан қызғылт түсті жейде мен нашатырь (мүсәтір) табылмаған.

«Қызғылт жейде мен нашатырь жоқ, тергеушілер оны таппады. Бишімбаев Байжановтан көліктен пакет ала келуін сұрағанын еске алайық. Байжанов жедел жәрдемге кешкі сағат 19:54-те хабарласқан. Яғни, Салтанат қайтыс болғаннан кейін 5-6 сағат өткеннен кейін хабарласқан. Олар қылмыс іздерін қалай жасыруға болатынын ойластырған», - деді Аймағанова.

Айтуынша, Байжанов Салтанаттың қайтыс болғанын түсініп, жедел жәрдемге хабарласқан.

Жедел жәрдем дәрігері оқиға орнына келген кезде Салтанаттың бетін жауып қойған күйінде көргенін айтты. Яғни, қайтыс болған адамның бетіп жапқан секілді жасаған, – деді Аймағанова.