Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қызметінен босатылған Бағдат Мусин мәлімдеме жасады

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда

Қызметінен босатылған Бағдат Мусин мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Экс-министр отставкаға өзі өтініш бергенін мәлімдеп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Менің отствкаға өтініш бергенімді естіген боларсыздар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, еліміздің цифрландыру саласын  басқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді,

2020 жылдан бері көп іс тындырылды, алда талай шаруа күтіп тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлық елдердің бірі деп атауға болады.

Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен жетістігіміз – цифрлық мемлекеттік қызметтерді мақтан тұтамын», - деп жазды ол.