Сыртқы істер министрлігі Ксения Собчак пен Наталья Грейс туралы пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейстің Қазақстандағы сот отырысына қатысуы туралы пікір білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Ксения Собчак пен Наталья Грейс туралы пікір білдірді
фото: әлеуметтік желіден

«Олардың екеуі де аккредитация үшін бізге жүгінген жоқ. Сот отырысына ресейлік медиа өкілдердің нақты кім ретінде қатысқанын сот өкілдерінен анықтап біле аласыздар», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, Қазақстанда бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деп айыпталды және аты шулы сот талқылауы өтіп жатыр.