Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 27-29 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envato.com

27 сәуірде еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, 28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтілуде, алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 1-8 градус аязға дейін жетеді.