Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Дархан Ахметжановқа сот үкімі шықты

Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы мен оның жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz. 

Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Дархан Ахметжановқа сот үкімі шықты
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 1-бөлігі бойынша Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.