Павлодар қаласының полициясына қала тұрғыны жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол интернет арқылы танысқан қызын бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған. Алайда қонаққа келген бойжеткен жәбірленушінің Samsung телефонын қолды қылып кеткен.
«Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал телефонды ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.