Қайғылы жағдай бүгін таңертең Индер ауданы Индербор кентінде болған еді.
«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында пәтер өртеніп, екі баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.