Атырау облысында екі баланың өмірін жалмаған өртке қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай бүгін таңертең Индер ауданы Индербор кентінде болған еді.
«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында пәтер өртеніп, екі баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.