Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Жарыссөз 29 сәуірде басталады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қинау бабы бойынша тағылған айыпты толық мойындамаймын. Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылған екінші эпизодтың бір бөлігі – Нүкенованың өліміне әкеп соққан соққы жасағанымды мойындаймын. Бірақ мұны әдейі жасады, оның өлгенін қалады және оны қатыгездікпен жасады дегенді мойындамаймын, - деді Бишімбаев.
САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ
2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.