24.04.2024, 11:19

Бишімбаевтың сотында шымкенттік балгер жауап берді

Коллаж: Halyq Uni

Оның мас екенін біліп, қоңырауды көтермеген едім. Бишімбаевтың кезекті сот отырысында шымкенттік балгер жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мемекеттік айыптаушы Айжан Алмағанова балгерден сол түні не болғанын сұрады.

Ол (еск-Бишімбаев) бірдеңені білгісі келсе үнемі “мынаны қараңызшы” деп жүгінетін. Уақыты есімде жоқ, ол маған қоңырау шалды. Мен бос емес болсам да, қоңырауды алдым. Ол маған "біз Салтанатпен көп ішіп, төбелесіп қалдық" деді. Қателеспесем, сағат 15:00- 16:00 қарай ғой деймін. Мен мұны шынайы деп қабылдаған жоқпын. Оған "мен не істеймін енді" дедім. Өйткені мас екенін бірден түсіндім. Оған жедел жәрдем шақыру керегін айттым. Ол "жоқ, сіз қараңызшы" деді. Біздің сөйлескенімізге көп болса 30 секунд-тай ғана уақыт болды, – деді куәгер.