Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

ТМД елдері арасында такси бағасы ең қымбаты – Қазақстан

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер арасында ең қымбат такси Қазақстанда екені анықталды, деп хабарлады Paryz.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

ТМД елдері арасында такси бағасы ең қымбаты – Қазақстан
Фото: Halyq Uni

Биыл елімізде такси қызметінің құны 1 шақырымға 0,67 доллар (297,10 теңге, 1 доллар – 443,43 теңге) болды.

  • Әзербайжанда – 0,59 доллар (261,62 теңге);
  • Ресейде – 0,32 доллар (141,90 теңге);
  • Беларусьте – 0,31 доллар (137,46 теңге);
  • Армения және Өзбекстанда – 0,3 доллар (133,03 теңге).

Биыл бірінші тоқсаның қорытындысы бойынша Қазақстанда такси қызметтерін 13,9 млн жолаушы пайдаланған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 4,9% аз.

Көбіне такси қызметін Алматы (2,5 млн адам), Астана (1,5 млн адам) және Қарағанды облысының (1,1 млн адам) тұрғындары пайдаланады. Такси қызметін Жетісу (277 мың адам), Атырау (290,8 мың адам) және Алматы (306,5 мың адам) облыстарының тұрғындары өте аз пайдаланады.

Елімізде такси қызметінен түскен табыс 2 млрд теңгеге жеткен.