Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-да келіні енесінің атынан несие рәсімдеп алған

ШҚО-да келіні енесінің атына несиені заңсыз рәсімдеген, деп хабарлады Paryz.kz. 

ШҚО-да келіні енесінің атынан несие рәсімдеп алған
Фото: polisia.kz

Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, келіні оның атына жасырын түрде 2,5 миллион теңгеден астам несие рәсімдеген.

Белгілі болғандай, өткен жылы оның келіні телефонына банктік қосымша орнатқан. Сол қосымша арқылы зейнеткердің шотына кіруге мүмкіндігі болған. Былтырғы желтоқсаннан биылғы қаңтарға дейін жұмыссыз қалған әйел қосымшаның көмегімен енесінің атына 3 несие рәсімдеп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленуші сәуірде әдеттегіден әлдеқайда аз зейнетақы алғаннан кейін мән-жайдың себебін іздей бастаған. Белгілі болғандай, банк оның зейнетақысынан өзі білмейтін несиелер үшін ақшалай қаражатты ұстап қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.