Министр Ксения Собчактың Бишімбаев сотына келуі туралы пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына күтпеген жерден ресейлік журналист Ксения Собчак келгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Министр Ксения Собчактың Бишімбаев сотына келуі туралы пікір білдірді
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Редакциямыздың тілшісі ресейлік журналиске сотта «артықшылық» берілгенін айтты.

Балаева бұған қатысты жағдайды анықтайтынын айтты.

Білмеймін, анықтаймын, өйткені бұл туралы БАҚ-тан көрдім, өздеріңіз жария еттіңіздер (жаңалықты – ред. еск.) Айтпақшы, мен сот процесін көрмеймін, бәрін сіздердің материалдарыңыздан біліп отырамын, - деді министр.