Қостанайда ірі қойма отқа оранды

Қостанай қаласында сағат 13:31-де ұйым аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлады paryz.kz. 

Қостанайда ірі қойма отқа оранды
Фото: ТЖМ

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен қажетті техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілердің күшімен жалын сағат 14:31-де оқшауланды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 1500 шаршы метр.