Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Алматыда жасөспірім қызды зорлады  деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ақпарат Telegram-каналдардың бірінде пайда болды. 

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Фото: @kozachkow

Жазба авторының айтуынша, оқиға 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Болжам бойынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан және қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жағдайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.