Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстандық дәрігерлерге жаңа атақ беріледі

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қазақстандық дәрігерлерге жаңа атақ беріледі
Фото: gov.kz/

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданған. Түзетулер лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған.

Заңға сәйкес,

  • Медицина қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда өз балалары үшін басым тәртіппен орын алуға құқығы бар. Медицина қызметкерлері заңсыз араласудан және кәсіби қызметке кедергі келтіруден қорғалуға құқылы.
  • Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін көрнекті медицина қызметкерлері үшін алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы енгізілді.
  • Медицина қызметкерлері артық есептілік пен ақпарат беруден босатылады.
  • Заң кем дегенде 5 жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген медицина қызметкерлері, аса тапшы мамандықтар үшін ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдерді көздейді.
  • Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салады. Бұл – халықтың арасында жаман әдеттердің таралуына қарсы күрестегі маңызды қадам.