Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Петропавлда молданы ұрған белсенді қамауға түсті

Петропавлда молданы соққыға жыққан ер адам 15 күнге қамалды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Петропавлда молданы ұрған белсенді қамауға түсті
Фото: видеодан скриншот

Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, белсенді Қызылжар мешітінде су басқан аймақтарға гуманитарлық көмектің таратылып жатқанын видеоға түсірген. Оның әрекеті имамға ұнамай, оған ескерту жасаған. Содан кейін ер адам молданы екі рет бетінен жұдырықпен салып қалған.

«Азамат Р-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, азамат кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген сот хабарламасында.