Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Instagram-дағы парақшасында сотталушының туыс інісі Бақытжан Байжановтың телефонын тексеру кезінде табылған «өсиетке» қатысты ойын айтты.
Сотта екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың телефоны зерделенген. Телефондағы видеолардың бірінде «өсиет» деп жазылған. Прокурор телефоннан Байжанов «Бишімбаевтың өсиеті» деп атаған видеоны тапты.
Жазба қосылған сәтте кадрдағы Бишімбаевтың дауысына ұқсас ер адам: «Барлық есепшотымды, байлығымды балаларыма арнаймын, сыйлаймын. Назым (Бишімбаевтың бұрынғы әйелі) мен менің балаларыма – Мансұрға, Кәрімге және Ранияға» дейді.
Бұл өсиетке қатысты Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман пікір білдірді.
«Сөз, сөз, сөз. Әрекет маңызды! Жалпы адам баласы әрекетімен мойындалуы керек деп есептеймін, ал ауызбен әр нәрсені айта беруге болады», - деп жазды ол.